Амосин в порошке — инструкция по применению

Инструкция по применению амосина в порошке, описание действия препарата, показания к применению порошка амосина, взаимодействие с другими лекарствами, применение амосина (порошок) при беременности. Инструкции: Амосин в таблетках;
Торговое название: Амосин®
Международное название: Амоксициллин
Лекарственная форма:
Порошок для приготовления суспензии для приема внутрь, 125 мг, 250 мг и 500 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01C Бета-лактамные антибиотики, пенициллины
J01C A Пенициллины широкого спектра действия
Фарм. группа:
Бета-лактамные антибактериальные препараты, пенициллины. Код АТС J01CA04
Условия хранения:
В сухом, защищенном от света месте, при температуре от 15 до 25 ºС. Водную суспензию хранят в холодильнике при температуре от 5 до 8 0С не более 10 сут. Хранить в местах, недоступных для детей!
Срок хранения:
2 года. Не применять по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Порошок белого с желтоватым оттенком цвета, со специфическим запахом. Готовая суспензия представляет собой суспензию белого с желтоватым оттенком цвета, со специфическим запахом.

Состав амосина в порошке

Один однодозовый пакет содержит
Бір реттік дозадағы бір пәкеттің ішінде:

Активное вещество амосина

амоксициллина тригидрат (в пересчете на амоксициллин) – 0,125 г, 0,250 г или 0,500 г
0,125 г, 0,25 г немесе 0,500 г амоксициллин тригидраты (амоксициллинге шаққанда)

Вспомогательные вещества в амосине

повидон, декстроза, динатрия эдэтат, натрия гидрофосфат, натрий α-глутаминовокислый 1-водный, ароматизатор пищевой, ванилин, сахароза
повидон, декстроза, динатрий эдэтаты, натрий гидрофосфаты, 1-сулы натрий α-глутамин қышқылы, тағамдық хош иістендіргіш, ванилин, сахароза

Показания к применению порошка амосина

  • бронхит, пневмония
  • синусит, фарингит, тонзиллит, острый средний отит
  • пиелонефрит, пиелит, цистит, уретрит, гонорея, эндометрит, цервицит
  • дизентерия, сальмонеллез, сальмоннеллезное носительство, холангит, холецистит
  • рожа, импетиго, вторично инфицированные дерматозы
  • лептоспироз, листериоз, болезнь Лайма (боррелиоз), эндокардит (профилактика)
  • бронхитте, пневмонияда
  • синуситте, фарингитте, тонзиллитте, жедел ортаңғы отитте
  • пиелонефритте, пиелитте, циститте, уретритте, созда, эндометритте, цервицитте
  • дизентерияда, сальмонеллезде, сальмонеллезді тасымалдаушыларда, холангитте, холециститте
  • тілмеде, іріңді бөртпеде, қайталап жұқтырылған дерматозда
  • лептоспирозда, листериозда, Лайм ауыруында (боррелиоз), эндокардитте (алдын алу)

Противопоказания амосина в порошке

  • гиперчувствительность к компонентам препарата (в т.ч. к другим пенициллинам, цефалоспоринам, карбапенемам)
  • аллергический диатез
  • бронхиальная астма
  • поллиноз, инфекционный мононуклеоз, лимфолейкоз
  • печеночная недостаточность
  • заболевания желудочно-кишечного тракта в анамнезе (особенно колит, связанный с применением антибиотиков)
  • период лактации
  • препараттың құрамдас бөлігінің біріне асқын сезімталдықта (оның ішінде басқадай пенициллиндерге, цефалоспориндерге, карбапенемдерге)
  • аллергиялық диатезде
  • бронхтық демікпеде
  • поллиноз, жұқпалы мононуклеоз, лимфолейкоз
  • бауыр жеткіліксіздігінде
  • сыртартқысында асқазан-ішек жолының ауруында (әсіресе, антибиотиктерді қабылдауға байланысты колит)
  • лактация кезеңінде

Побочные действия порошка амосина

Иногда
  • крапивница, гиперемия кожи, эритема, ангионевротический отек, ринит, конъюнктивит
  • дисбактериоз, изменение вкуса, рвота, тошнота, диарея, стоматит, глоссит, нарушение функции печени, умеренное повышение активности "печеночных" трансаминаз, псевдомембранозный энтероколит
  • кандидоз влагалища
Редко
  • лихорадка, боли в суставах, эозинофилия, эксфолиативный дерматит, полиформная экссудативная эритема, синдром Стивенса-Джонсона, реакции, сходные с сывороточной болезнью
  • возбуждение, тревожность, бессонница, атаксия, спутанность сознания, изменение поведения, депрессия, периферическая нейропатия, головная боль, головокружение, судорожные реакции
  • лейкопения, нейтропения, тромбоцитопеническая пурпура, анемия
  • затрудненное дыхание, тахикардия, интерстициальный нефрит
  • суперинфекция (особенно у пациентов с хроническими заболеваниями или пониженной резистентностью организма)
  • в единичных случаях: анафилактический шок
Кейде
  • есекжем, тері гиперемиясы, эритема, ангионевротикалық ісіну, ринит, конъюнктивит
  • дисбактериоз, дәмнің өзгеруі, құсу, жүрек айнуы, іш өтуі, стоматит, глоссит, бауыр қызметінің бұзылуы, "бауыр" трансаминаза белсенділігінің біркелкі жоғарылауы, жалған жарғақшалы энтероколит
  • қынаптық кандидоз
Сирек
  • қызба, буындардың ауыруы, эозинофилия, эксфолиативті дерматит, полиформды жалқық эритемасы, Стивенс-Джонсон синдромы, қан сырусы ауруларына ұқсас реакциялар
  • қозу, үрейлік, ұйқысыздық, қимыл үйлесімсіздігі, сананың шатасуы, мінез-құлықтың өзгеруі, жабығу, шеткергі невропатия, бас ауыруы, бас айналуы, құрысу реакциялары, қояншық реакциялары
  • лейкопения, нейтропения, тромбоцитопениялық пурпура, анемия
  • тыныс алудың қиындауы, тахикардия, интерстициальды нефрит
  • асқын жұқпа (әсіресе созылмалы ауыруы бар немесе организм төзімділігі төмен емделушілерде)
  • жекелеген жағдайлар: анафилактикалық шок

Особые указания к применению

При курсовом лечении необходимо проводить контроль за состоянием функции органов кроветворения, печени и почек.

Возможно развитие суперинфекции за счет роста нечувствительной к нему микрофлоры, что требует соответствующего изменения антибактериальной терапии.

При назначении больным с сепсисом возможно развитие реакции бактериолиза (реакция Яриша-Герксгеймера) (редко).

У пациентов, имеющих повышенную чувствительность к пенициллинам, возможны перекрестные аллергические реакции с другими бета-лактамными антибиотиками.

При лечении легкой диареи на фоне курсового лечения следует избегать противодиарейных препаратов, снижающих перистальтику кишечника; можно использовать каолин - или аттапульгитсодержащие противодиарейные средства. При тяжелой диарее необходимо обратиться к врачу.

Лечение обязательно продолжается еще 48-72 ч после исчезновения клинических признаков заболевания.

При одновременном применении эстрогенсодержащих пероральных контрацептивов и амоксициллина, следует по возможности использовать другие или дополнительные методы контрацепции.

Беременность
Применение препарата во время беременности возможно в том случае, когда предполагаемая польза для матери превышает потенциальный риск для плода.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не было сообщений о влиянии амосина на управление автомобилем или работу с механизмами. Тем не менее, у некоторых пациентов могут возникать головная боль и головокружение. При их возникновении пациент должен соблюдать особые меры предосторожности при управлении автомобилем и работе с механизмами. Применять по назначению врача.
Курстық емдеу кезінде бауырдың және бүйректің қан түзілу мүшелері қызметінің жай-күйіне бақылау жүргізу керек.

Дәріге сезімтал емес микрофлора өсетіндіктен асқын жұқпаның дамуы мүмкін, ол, тиісінше, бактерияға қарсы емді өзгертуді талап етеді.

Сепсиспен ауыратын науқастарға тағайындағанда бактериолиз реакцияларының (Яриша-Герксгеймера реакциясы) (сирек) дамуы мүмкін.

Пенициллинге жоғары сезімталдығы бар емделушілерде басқадай бета-лактамды антибиотиктермен айқаспалы аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Курстық емдеу аясында іш өтудің жеңіл түрін емдеу кезінде іш өтуге қарсы, ішек перистальтикасын төмендететін препараттардан аулақ болған жөн; каолин - немесе құрамында іш өтуге қарсы аттапульгит бар дәріні пайдалануға болады. Іш өтудің ауыр түрінде дәрігерге көріну керек.

Емдеуді аурудың клиникалық белгілері жойылғаннан кейін тағы да 48-72 сағатқа міндетті түрде ұзарту керек.

Құрамында эстроген бар пероральды контрацептивтерді және амоксициллинді бір мезгілде қолданғанда мүмкіндігінше басқадай немесе қосымша контрацептивтік тәсілді пайдаланған жөн.

Жүктілікте
Жүктілік кезінде, егер ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін қауіп артқан жағдайда ғана препарат қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Амосиннің автомобиль басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі жөнінде хабарлар болған жоқ. Кейде кейбір емделушілерде бас ауыруы және бас айналуы пайда болуы мүмкін. Олар пайда болған кезде емделуші автомобильді басқаруда және механизмдермен жұмыс істеуде ерекше сақтық шараларды қадағалау керек. Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Дозировка и способ применения

Внутрь, до или после приема пищи.

Взрослым и детям старше 10 лет (с массой тела более 40 кг) назначают по 0,5 г 3 раза в сутки; при тяжелом течении инфекции – 0,75 -1 г 3 раза в сутки. Детям в возрасте 5-10 лет назначают по 0,25 г 3 раза в сутки; 2-5 лет – 0,125 г 3 раза в сутки; младше 2 лет – 20 мг/кг 3 раза в сутки. При острых инфекционных заболеваниях желудочно-кишечного тракта (паратифы, брюшной тиф) и желчных путей, при гинекологических инфекционных заболеваниях взрослым – 1,5-2 г 3 раза в сутки или по 1-1,5 г 4 раза в сутки. Курс лечения – 5-12 дней.

При острой неосложненной гонорее назначают 3 г однократно; при лечении женщин рекомендуется повторный прием указанной дозы.

При лептоспирозе взрослым – 0,5-0,75 г 4 раза в течение 6-12 дней.

При сальмонеллоносительстве взрослым – 1,5-2 г 3 раза в сутки в течение 2-4 недель.

Для профилактики эндокардита при малых хирургических вмешательствах взрослым – 3-4 г за 1 ч до проведения процедуры. При необходимости назначают повторную дозу через 8-9 ч. У детей дозу уменьшают вдвое.

У пациентов с нарушением функции почек при клиренсе креатинина 15-40мл/мин интервал между приемами увеличивают до 12 ч; при клиренсе креатинина ниже 10 мл/мин дозу уменьшают на 15-50 %; при анурии - максимальная доза 2 г/сут.

Приготовление суспензии.
Однодозовый пакет. В чистый стаканчик наливают прокипяченную и охлажденную воду (см. таблицу), затем высыпают содержимое одного пакета и перемешивают до получения однородной суспензии.

Применять строго по назначению врача.
Ішке, тамақ қабылдауға дейін немесе кейін.

Ересектерге және 10 жастан үлкен (дене салмағы 40 кг-ден артықа) балаларға тәулігіне 0,5 г-дан 3 рет; жұқпаның ауыр ағымында – тәулігіне 0,75 - 1 г-ден 3 рет тағайындайды. 5-10 жастағы балаларға – тәулігіне 0,25 г-дан 3 рет; 2-5 жастағы балаларға – тәулігіне 0,125 г-ден 3 рет; 2 жастан кіші балаларға – дене салмағының әр келісіне шаққанда тәулігіне 20 мг-ден 3 рет. Асқазан-ішек жолдарының (сүзекке ұқсас, іш сүзегінде) және өт шығару жолдарының жедел жұқпалы ауруларында, ересектердегі гинекологиялық жұқпалы ауруларда – тәулігіне 1,5-2 г-ден 3 рет немесе тәулігіне 1-1,5 г-ден 4 рет.

Лептоспироз кезінде ересектерге – 6-12 күн бойы 0,5-0,75 г-ден 4 рет.

Сальмонелл тасымалдаушы кезінде ересектерге – 2-4 апта бойы тәулігіне 1,5-2 г-ден 3 рет.

Кіші хирургиялық араласулар кезінде эндокардиттің алдын алу үшін ересектерге – емшараны жүргізгенге дейін 1 сағат бұрын 3-4 г. Қажет болған жағдайда 8-9 сағаттан соң қайталау дозасын тағайындайды. Балаларға дозаны екі есеге азайтады.

Бүйрек қызметінің бұзылуы бар емделушілерде креатинин клиренсі 15-40 мл/мин кезінде қабылдау арасының аралығын 12 сағатқа дейін арттырады; креатинин клиренсі 10 мл/мин болғанда дозаны 15-50%-ға азайтады; несеп шықпаған кезде – ең жоғарғы доза тәулігіне 2 г.

Суспензияны дайындау
Бір дозалы пәкет. Таза стақанға қайнатылған салқын суды құйып (кестені қараңыз), одан кейін пәкет ішіндегісін салып, біртекті суспензия алғанға дейін араластыру керек.

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Взаимодействие с лекарствами

Антациды, глюкозамин, слабительные лекарственные средства, амино-гликозиды - замедляют и снижают абсорбцию Амосина; аскорбиновая кислота повышает абсорбцию Амосина.

Амосин® не разрушается в кислой среде желудка, прием пищи не оказывает влияния на его абсорбцию.

Бактерицидные антибиотики (в т.ч. аминогликозиды, цефалоспорины, ванкомицин, рифампицин) – оказывает синергидное действие; бактериостатические препараты (макролиды, хлорамфеникол, линкозамиды, тетрациклины, сульфаниламиды) - антагонистическое.

Повышает эффективность непрямых антикоагулянтов (подавляя кишечную микрофлору, снижает синтез витамина К и протромбиновый индекс); уменьшает эффективность эстрогенсодержащих пероральных контрацептивов, лекарственных средств, в процессе метаболизма которых образуется парааминобензойная кислота, этинилэстрадиола - риск развития кровотечений "прорыва".

Амоксициллин уменьшает клиренс и повышает токсичность метотрексата; усиливает всасывание дигоксина.

Диуретики, аллопуринол, оксифенбутазон, фенилбутазон, нестероидные противовоспалительные препараты; препараты, блокирующие канальцевую секрецию, повышают концентрацию амоксициллина в крови.

Аллопуринол повышает риск развития кожной сыпи.
Антацидтер, глюкозаминдер, іш жібіткіш дәрілік заттар, амино-гликозидтер – Амосиннің сіңуін баяулатады және төмендетеді; аскорбин қышқылы Амосиннің сіңуін жоғарылатады.

Амосин® асқазанның қышқылды ортасында ыдырамайды, тамақ қабылдау оның сіңуіне әсер етпейді.

Бактерицидті антибиотиктер (оның ішінде аминогликозидтер, цефалоспориндер, ванкомицин, рифампицин) – синергидті; бактериостатикалық препараттар (макролидтер, хлорамфеникол, линкозамидтер, тетрациклиндер, сульфаниламидтер) – антагонистикалық әсер етеді.

Тікелей емес антикоагулянттардың әсерін жоғарылатады (ішек микрофлораларын төмендете отырып, К витамині синтезін және протромбин индексін төмендетеді); метаболизм үдерісі салдарынан парааминобензой қышқылын, этинилэстрадиол түзетін құрамында эстроген бар пероральды контрацептивтік дәрілік заттардың әсерінен – “лақ етіп” қан кету қаупі төмендейді.

Амоксициллин клиренсті азайтады және метотрексаттың уыттылығын көтермелейді; дигоксиннің сіңуін күшейтеді.

Диуретиктер, аллопуринол, оксифенбутазон, фенилбутазон, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар; өзекшелік сөліністерді бөгейтін препараттар қанда амоксициллиннің қанығу деңгейін жоғарылатады.

Аллопуринол тері бөртпесінің даму қаупін көтермелейді.

Передозировка амосиным в порошке

Симптомы: тошнота, рвота, диарея, нарушение водно-электролитного баланса (как следствие рвоты и диареи).

Лечение: промывание желудка, активированный уголь, солевые слабительные, препараты для поддержания водно-электролитного баланса; гемодиализ.
Белгілері: жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, сулы-электролитті тепе-теңдіктің бұзылуы (құсу және іш өтуі салдары сияқты).

Емдеу: асқазанды шаю, белсендірілген көмір, тұзды іш жібіткіш, сулы- электролитті тепе-теңдікті демеуге арналған препараттар; гемодиализ.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При приеме внутрь амоксициллин всасывается быстро с биодоступностью 93%. В дозе 125 мг и 250 мг, максимальная концентрация в плазме крови – 1,5-3 мкг/мл и 3,5-5 мкг/мл соответственно. Время достижения максимальной концентрации в плазме крови после перорального приема - 1-2 ч. Имеет большой объем распределения - высокие концентрации обнаруживаются в плазме крови, мокроте, бронхиальном секрете (в гнойном бронхиальном секрете распределение слабое), плевральной и перитонеальной жидкости, моче, содержимом кожных волдырей, ткани легкого, слизистой оболочке кишечника, женских половых органах, предстательной железе, жидкости среднего уха, кости, жировой ткани, желчном пузыре (при нормальной функции печени), тканях плода.

При увеличении дозы в 2 раза концентрация также увеличивается в 2 раза. Концентрация в желчи превышает концентрацию в плазме крови в 2-4 раза. В амниотической жидкости и сосудах пуповины концентрация амоксициллина составляет 25-30% от уровня в плазме крови беременной женщины. Плохо проникает через гематоэнцефалический барьер, при воспалении мозговых оболочек (менингит) концентрация в спинномозговой жидкости – около 20%. Связь с белками плазмы крови - 17 %.

Частично метаболизируется с образованием неактивных метаболитов. Период полувыведения - 1-1,5 ч. Выводится на 50-70 % почками в неизмененном виде путем канальцевой экскреции (80 %) и клубочковой фильтрации (20 %), печенью - 10-20 %. В небольшом количестве выделяется с грудным молоком. Период полувыведения у недоношенных, новорожденных и детей до 6 мес – 3-4 ч. При нарушении функции почек (клиренс креатинина менее или равен 15 мл/мин) период полувыведения увеличивается до 8.5 ч. Амоксициллин удаляется при гемодиализе. Действие препарата развивается через 15-30 мин после приема и длится 8 ч.
Ішке қабылдаған кезде амоксициллиннің 93% биожетімділікке жетіп, жылдам сіңеді. 125 мг және 250 мг дозада ішке қабыладғанда, қан плазмасындағы ең жоғарғы қанығу деңгейі тиісінше 1.5-3 мкг/мл және 3.5-5 мкг/мл. Ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғарғы қанығу деңгейінің жету уақыты - 1-2 сағат. Таралу көлемі үлкен – жоғарғы қанығу деңгейі қан плазмасында, қақырықта, бронхтық сөліністе (іріңді бронхтық сөліністе таралуы әлсіз), плевральды және перитонеальды сұйықтықта, несепте, тері күлдіреуігінде, өкпе тіндерінде, ішектің шырышты қабығында, әйелдің жыныс мүшелерінде, қуық асты безінде, ортаңғы құлақ сұйықтығында, сүйекте, майлы тіндерде, өт қабында (қалыпты бауыр қызметінде), ұрық тіндерінде байқалады.

Дозаны 2 есеге арттырған кезде қанығу деңгейі де 2 есеге артады. Өттегі қанығу деңгейі плазмадағы қанығу деңгейінен 2-4 есеге жоғары. Амниотикалық сұйықтықта және кіндік тамырларда амоксициллиннің қанығу деңгейі – жүкті әйелдердің қан сарысуындағы қанығу деңгейінің 25-30% құрайды. Гематоэнцефалиялық кедергілер арқылы нашар өтеді, ми қабығының қабынуы (менингит) кезінде жұлын сұйықтығындағы қанығу деңгейі - 20%-ға жуық. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы - 17 %.

Белсенді емес метаболиттерді түзе отырып ішінара метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі - 1-1.5 сағат. Өзгермеген түрде бүйрек арқылы 50-70%-ы, өзекшелік сөліністер арқылы (80 %) және шумақтық сүзілістер арқылы (20 %), бауыр арқылы - 10-20 %-ы шығады. Аздаған мөлшері емшек сүтімен бөлінеді. Шала туылған, жаңадан туылған және 6 айға дейінгі балаларда жартылай шығарылу кезеңі – 3-4 сағат. Бүйрек қызметінің бұзылуында (креатинин клиренсі 15 мл/мин-нен аз немесе тең) жартылай шығарылу кезеңі 8.5 сағатқа дейін артады. Амоксициллин гемодиализ кезінде шығарылады. Препараттың әсері қабылдағаннан кейін 15-30 минуттан соң дамиды және 8 сағатқа созылады.

Фармакодинамика

Амосин бактерицидный антибиотик широкого спектра действия из группы полусинтетических пенициллинов. Нарушает синтез пептидогликана (опорный полимер клеточной стенки) в период деления и роста, вызывает лизис бактерий. Активен в отношении аэробных грамположительных микроорганизмов: Staphylococcus spp. (за исключением штаммов, продуцирующих пенициллиназу), Streptococcus spp. и аэробных грамотрицательных микроорганизмов: Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Shigella spp., Salmonella spp., Klebsiella spp. Штаммы, продуцирующие пенициллиназу, резистентны к действию амоксициллина.
Амосин жартылай синтетикалық пенициллиндер тобындағы кең ауқымды әсер ететін бактерицидті атибиотик. Бөліну және өсу кезеңінде пептидогликанның синтезін бұзады (жасушалық қабырғалардың тірек полимері), бактерияның еруін туғызады. Аэробты грамоң микроорганизмдер жөнінде: Staphylococcus spp. (пенициллиназа өндіретін штаммдарды қоспағанда), Streptococcus spp. және аэробты грамтеріс микроорганизмдер жөнінде: Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Shigella spp., Salmonella spp., Klebsiella spp. белсенді. Пенициллиназаны өндіретін штаммдар амоксициллиннің әсеріне төзімді.

Упаковка и форма выпуска

Порошок для приготовления суспензии для приема внутрь 125 мг, 250 мг или 500 мг. 1,5 г, 3 г или 6 г (125 мг, 250 мг или 500 мг активного вещества соответственно) порошка в однодозовых пакетах. 10 однодозовых пакетов с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған 125 мг, 250 мг және 500 мг ұнтақ. Бір реттік дозадағы бір пәкетте 1,5 г, 3 г немесе 6 г (белсенді затқа 125 мг, 250 мг немесе 500 мг сәйкес) ұнтақ. Бір реттік дозадағы 10 пәкет мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пашкеге салынған.